Жамбыл облысында мәрмәр ұнтағын өндіретін кәсіпорын ашылды

1042

Жамбыл облысында мәрмәр ұнтағын өндіретін кәсіпорын ашылды

Бүгін Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан "Қаратау ПРО" ЖШС-нің мәрмәр ұнтағын өндіретін кәсіпорыны ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Елбасы "Қазақстан 2050  жылға қарай өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс" деген үлкен жауапты міндет жүктеген болатын. Сондықтан, экономикамызды индустрияландыру мәселесіне баса назар аударылуда. Бүгінгі күнді Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық өміріндегі айтулы күн деп білемін. Өйткені, жаңа инвестициялық жоба іске қосылғалы тұр",- деді өңір басшысы зауыттың ашылу салтанатында.
Жоба 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Аталмыш жобаның құны – 1946.0 млн.теңгені құрайды. Жобаның жылдық қуаттылығы – 110 мың тонна. Қазіргі таңда зауытта 68 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, биылғы жылы облыста құны 15,4 млрд.теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Осы жобалар аясында 1400 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу