Жамбыл облысындағы "Қаратау ПРО" ЖШС 2017 жылдың І тоқсанында майда ұнтақталған толтырғыш өндіретін зауытты іске қосуды көздеп отыр, деп хабарлады компания "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.
Жобаның құны, ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 1,9 млрд теңгені құрайды.
"Зауыттың құрылысы аяқталды. Зауыт 2017 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады. Майда тартылған толтырғыш – бұл мәрмәр ұнтағы", – деп түсіндірді компания мамандары.
Жобалық уақыты – жылына 110 мың тонна.
"Қаратау ПРО" ЖШС-ның басты қызметі – тасты өңдеу және әрлеу.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу