Жамбыл облысында мектеп әжетханасындағы төбелестен бір оқушы қайтыс болды

1589

Кеудесінен бірнеше соққы алған бала есінен танып, бірден жан тапсырған. 

Жамбыл облысында мектеп әжетханасындағы төбелестен бір оқушы қайтыс болды Фото: Facebook/Daniyar Alimkul

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында жоғарғы сынып оқушылары кіші сыныптың балаларын ұру салдарынан бір бала қайтыс болды. Полиция осы дерекке байланысты іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайтыс болған баланың туыстарының айтуынша, мектеп аумағындағы сыртқы әжетханада 9 сынып оқушылары төмен сыныптың балаларын ұрып-соққан. Кеудесінен бірнеше соққы алған бала есінен танып, бірден жан тапсырған.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

"Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды", - делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу