Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлердің 40 %-ы тестілеуден өтті

1129

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлердің 40 %-ы тестілеуден өтті

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлердің 40 %-ы тестілеуден өтті, деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев.

Оның ақпаратына сүйенсек, облыс аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны - 5145 білікті және мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 4818 қызметшіні құрады.

Жамбыл облысында 6 - мемлекеттік саяси қызмет лауазымдары, 17 - "А" корпусының және 5122 - "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызмет лауазымдары бар.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 46,7% (2250) әйелдер. Есепті жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа біліктілік талаптарын жоғарылату нәтижесінде, жыл ішінде жоғары білімі бар қызметшілердің үлесі 87,5%-дан 89,4% (4308) артып отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің ішінде 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 21% (1014) болса, орташа жасы 40,5 жасты құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу