Жамбыл облысында мешіттегі қайырымдылыққа жинаған қаражат үшінші рет ұрланды

1053

Жамбыл облысында мешіттегі қайырымдылыққа жинаған қаражат үшінші рет ұрланды

Жамбыл облысында сұғанақ мешіттегі қайырымдылыққа жинаған қаражатты қолды қылды, деп хабарлайды almaty.tv.

Ұрлықшының бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Ол тұрғындардың екі ай бойы жинаған қаржысын міз бақпастан қалтасына басты. Оқиға 4 тамызда Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық ауылында болыпты. Алайда, тұрғындар ақша тұрған жәшіктің бос екенін тек өткен аптаның ортасында ғана біліпті. Қазір құзырлылар видеоны тексеріп, ұрлықшыны іздестіріп жатқан көрінеді. Ал мешіт имамы арыз жазудан бас тартыпты. Белгілі болғандай, бұл мешіт осымен үшінші рет тоналған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу