Жамбыл облысында микрокальцит өндіретін жаңа цех ашылды

999

Жамбыл облысында микрокальцит өндіретін жаңа цех ашылды

"Жамбылгипс" АҚ-да өңірді жаңа жұмыс орындарымен және бюджетке түсімдермен қамтамасыз ететін гипс және микрокальцит өндіретін екі жаңа цех ашылды.

Цехтар жаңа гипс зауытын салу жөніндегі жалпы жоба аясында іске қосылған. Кәсіпорын келесі жылдың ақпанында толық жұмыс істей бастайды. Кезекте тағы екі цех бар, олардың бірі – перлит шығару цехы да Қазақстан үшін бірегей болмақ, деп мәлім етті облыс әкімдігі.

Микрокальцит – бұл әр түрлі химиялық кәсіпорындарға арналған шикізат. Осы күнге дейін Қазақстанда микрокальцит Алматы облысында ғана шағын партиялармен шығарылып келген. Жамбыл облысы микрокальцитті өнеркәсіптік ауқымда шығару жөніндегі жобаны Қазақстан бойынша алғашқылардың бірі болып іске асырды.

Осы жоба индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Іске қосылған цехтардың құны 2500 млн теңгені құрайды. Олардың жобалық қуаттылығы – 270 мың тонна өнім. Өнімді жеткізуге Қазақстандық кәсіпорындардан 40-тан астам тапсырыс келіп түсті. Бұдан бөлек, кәсіпорында өнімді шетелге экспорттау мүмкіндігі де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу