Жамбыл облысында неміс компаниясы алтын өндіретін кәсіпорын салады

1350

 Болашақ комбинатқа 160 гектар жер беріледі.

Жамбыл облысында неміс компаниясы алтын өндіретін кәсіпорын салады

Жамбыл облыстық әкімдігі германиялық бизнес өкілдерімен Қордай ауданында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2016 жылы Таразда өткен "Taraz Invest - AgroChemical Day" инвестициялық форумында Жамбыл облысы әкімдігі Германияның "Aurum Deutschland AG" тау-кен өндіру компаниясы арасында тау-кен металлургия комбинатын салу туралы меморандумға қол қойылған. Комбинаттың құрылысын 2019 жылы бастау жоспарланған.

Өндіріс процесінде компания Германияның алтын өндірудің соны технологиясын сынақтан өткізуді ойластырған.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен өткен кездесуде "Aurum Deutschland" ЖШС (Aurum Deutschland AG компаниясының еншілес кәсіпорны) бас директоры Юрий Фадеев биыл Қордай ауданындағы Шоқпар және Гагарин кен орындарында алтын өндіру кәсіпорнын салу жұмыстары басталуға тиіс екендігін атап көрсетті. Болашақ комбинатқа 160 гектар жер беріледі. Алтын кеніндегі зауыттың жоспардағы қуаты жылына 5 100 тонна алтын. Қордай ауданында құрылыс кезінде кем дегенде 5 мың, ал зауытты пайдалану кезінде мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу