Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болды

1080

Бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенген.

Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болды

Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы оқ-дәрілер қоймасы өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 10 қазанда сағат шамамен 7:20-да Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Жарылыстан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшқан жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Оқыс оқиға жұмыстан тыс уақытта болған. Оқ-дәрілер қоймасы өртенгенде жақын маңда адамдар болмаған. 

"Ғимараттар мен құрылыстарға зақым келген жоқ. Аудандағы ахуал тұрақты", – деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрлігі мұндай жағдай қайталануы ықтимал екенін ескертті.

"Алдағы уақытта да мұндай жағдайлар болуы мүмкін. Қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізіледі", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген әскери қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу