Жамбыл облысында оқулық сатып алуға 3,1 млрд теңге бөлінді

786

Өңірде барлығы 442 мектеп бар. Онда 240 мыңнан аса оқушы білім алады.

Жамбыл облысында оқулық сатып алуға 3,1 млрд теңге бөлінді

Жамбыл облысында алдағы оқу жылына оқулықтар, қосымша оқу құралдарын сатып алуға  3,1 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022-2023 оқу жылына оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендерді және қосымша оқу құралдарын сатып алуға 3,1 млрд теңге бөлінді. Жаңа оқу жылында оқушылар 100% оқулықтармен қамтамасыз етіледі", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде оқулықтарды баспадан тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 15 тамызға дейін аяқталады.

Сондай-ақ облыстағы барлық мектепте Ashyq бағдарламасы мен  бейнебақылау камералары орнатылған әрі дәретхана ғимараттың ішінде орналасқан.

Мұғалімдердің 98,6% короновирусқа қарсы екпе алған.
 
Сонымен қатар өңірде 3 апатты, 6 үш ауысымды, 6 орын тапшылығы бар мектеп бар.

Биыл жаңа 10 білім ордасы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр (8 мектеп жаңадан салынады, 2 мектеп жекеменшік болады). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу