Жамбыл облысындағы оқушы өлімі: Мектеп басшылығы қылмысты жасырған болуы мүмкін

409

8-сыныптың оқушысы мектеп дәретханасынан өлі табылған болатын.

Жамбыл облысындағы оқушы өлімі: Мектеп басшылығы қылмысты жасырған болуы мүмкін Фото: марқұмның туыстарының жеке архивінен

Білім ордасының басшылығы қанды қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып жан тапсырғанын анықтаған. Алайда қылмыс болған күні мектеп директоры "оқушының жүрек талмасы ұстап қалды" деп жалған мәлімет берген.

14 жасында мерт болған баланың ғы ата-анасы бұған дейін мектептегі әлімжеттік туралы айтып, мектеп ұжымына бірнеше рет шағымданған.

Енді балаларға қатысты қауіптің алдын алмаған мектеп басшысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, аталған оқиға 30 сәуір күні Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің дәретханасында болды. 9-сыныптың оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын жеткіншектің кеуде тұсынан ұрған. Қазір 15 жастағы күдікті қамауда отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу