Жамбыл облысында жоғары сынып оқушылары ұрып-соққаннан кейін жасөспірім көз жұмды

140

Қайғылы жағдай Жамбыл облысы Көкқайнар ауылында орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында жоғары сынып оқушылары ұрып-соққаннан кейін жасөспірім көз жұмды Фото: culture.ru

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 10-шы және 11-ші сынып оқушылары футбол ойнаған.

Жоғары сынып оқушылары жеңіліп, онысын мойындамай, 10-сынып оқушыларын дүкеннің артында жинап, соққыға жыққан. Сол кезде біреуі ашуға беріліп, 10-сынып оқушысының кеуде тұсынан қатты ұрған.

Оқушы есінен танып қалған. Ал үйінде өзін жайсыз сезініп, құса берген, дем алуы да қиындап кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін жасөспірім көз жұмған.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында 17 және 16 жастағы екі күдікті анықталды. Олар ұсталып, уақытша қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу