Жамбыл облысында оқушылар лимон өсіре бастады

158

Аймақтың агро саласында бұған дейін болмаған тың кәсіпті дамытуға меркілік мектеп оқушылары кірісіп кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жамбыл облысында оқушылар лимон өсіре бастады Фото: canva.com

Сыпатай батыр ауылындағы 16 білім ұясының балалары былтыр жылыжайға лимон ағашын отырғызған. Қазір онда азиялық цитрустың 15 түбі жайқалып тұр.

Жыл басында түйін салған. Енді 5 айда жеуге жарап қалады. Дарақтар былтыр да жеміс салған. Алдағы 3 жылда бір түп лимон ағашы 50 келіге дейін өнім бермек.

Оқушылар жемістің бұл түрі -4 градус суыққа төзімді дейді. Сондықтан көктем мен күз аралығында далада өсіруге ден қоймақ. Қазір олар 102 шаршы метр жылыжайда лимоннан бөлек, құлпынай, мен павловния көшеттерін өсірген.

"Осы лимонды қазіргі таңда шетелден экспорттаймыз. Сондықтан біз өзіміздің ауылды лимон шаруашылығы ретінде болашақта жандандырғымыз келеді. Себебі осы арқылы біз шетелге тәуелді болмаймыз. Ол жақтан қымбатқа келеді. 2-3 жыл сайын тұқымдарын алып отырамыз. Себебі жыл сайын жақсы тұқым беру үшін керек", дейді 11-сынып оқушысы Жәния Манапалы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу