Жамбыл облысында орман өртенді

194

Төтенше жағдайлар департаментінің 84 қызметкері мен 9 техника бірлігі тартылды.

Жамбыл облысында орман өртенді Фото: iStock

Жамбыл облысы Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарыкөбі орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

5 маусым сағат 02:00-де "Меркі" орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарыкөбі орман шаруашылығы аумағындағы өрт аумағы 1750 гектарға жетті.

"Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы А.Тоқанов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н. Егембердиев оқиға орнына барды.

Барлығы 244 адам, 50 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде 100 орман шаруашылығы қызметкері, 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автокөлік, 1 тікұшақ және "Қазавиалесқорғау" 6 қызметкері болды”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысының әкімдігі.

Орман шаруашылығы аймағы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу