Жамбыл облысында өртсөндірушілер дала өртімен арпалысып жатыр

2278

Таулы аймақ болғандықтан өртті сөндіру қиын болып отыр.

Жамбыл облысында өртсөндірушілер дала өртімен арпалысып жатыр

Жамбыл облысында тағы да дала өрті тіркелді. Бұл жолы Тұрар Рысқұлов ауданының аумағы өртеніп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Құмарық ауылдық округінің таулы аймақтарында қураған шөп жанып, дес берер емес. Қызыл жалын бүгін түнгі сағат 01.00-де басталған. Тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасып жатыр. Ол үшін 6 бірлік техника мен 60-қа жуық адам жұмылдырылды.

Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Өрт аумағы анықталып жатыр.

"Таулы аймақ болғандықтан оған жету қиын. Сондықтан осы уақытқа дейін өрт жалғасып жатыр. Қазіргі таңда әзірге белгісіз. Өрт сөндірілуде. Өрт толық сөндірілгенннен кейін аумағы бәрі анықталады", - дейді облыстық ТЖД басқарма басшысы Азат Әбдіразақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу