Жамбыл облысында өткен жылы пайдаланылмай жатқан 201,2 мың га жер қайтарылды

505

Бұл алқаптар бұған дейін 530 тұлғаның иелігінде болған. 

 Жамбыл облысында өткен жылы пайдаланылмай жатқан 201,2 мың га жер қайтарылды Фото: Inbusiness.kz

Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, былтыр өңірде пайдаланылмай жатқан 201,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, тапсырма тиісті деңгейде орындалған.

Мемлекет меншігіне өткен 41860,7 гектары Мойынқұм ауданынан, 31591,6 гектары Сарысу ауданынан қайтарылса, одан кейінгі жер алқаптары Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай, Талас және Шу аудандарына тиесілі.

Ал, биыл облыста шамамен 80 мыңға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу