Жамбыл облысында өзбекстандық баладан қырым қанды безгегі анықталды

1160

Жыл сайын кене шағудан жұғатын бұл аурудың елімізде 9-дан 25-ке дейінгі жағдайы тіркеледі.

Жамбыл облысында өзбекстандық баладан қырым қанды безгегі анықталды

Жамбыл облысында Өзбекстан азаматшасының 10 жасар баласынан Қырым-Конго қанды безгегі анықталды. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Жыл сайын кене шағудан жұғатын бұл аурудың елімізде 9-дан 25-ке дейінгі жағдайы тіркеледі.

Мысалы өткен жылы 2018 жылы республика халқы арасында КҚГҚ ауруының 18 жағдайы тіркелді, оның ішінде 5 жағдай – Түркістан облысында, 9-ы – Жамбыл облысында және 4-еуі Қызылорда облысында болды. 18 жағдайдың 4-уі өліммен аяқталды: Жамбыл, Қызылорда облыстарында –1, Түркістан облысында – 2 адам.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының аумақтары ауру ошақтары болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу