Биыл Жамбыл облысында "Kisc" ЖШС жылжымалы локомотив құрамдары үшін қосалқы бөлшек шығаратын цехқа жаңғырту жүргізеді, деп хабарлады компания "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.
Жаңғыртуға 1,870 млрд теңге (үстіміздегі – 315,16/$1 бағаммен) қаржы жұмсалады.
Жобаның қуаттылығы жылына 24 мың тонна шойын құюға қауқарлы.
"Қалып жасайтын жаңа қондырғы қойылады. Шығаратын өнім түрлері кеңейеді", – деп атап өтті компаниядағылар.
Жаңғыртылған цех 2017 жылдың соңында іске қосылады деп көзделген.
"Үш ай ішінде қондырғыны ретке келтіруге тырысамыз. Тек осыдан соң ғана цех іске қосылады", – деп нақтылап өтті компания өкілі.
"Kisc" ЖШС негізінен жүк пойыздары үшін қосалқы бөлшек шығарумен айналысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу