Жамбылда полиция бөлімі басшысының орынбасары ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкцияланған. 

Жамбылда полиция бөлімі басшысының орынбасары ұсталды Фото: gov.kz

Лауазымды қызметкер "ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды" деген күдікке ілінген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру), – деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Прокуратура Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігі бойынша "ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды" деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Ол ҚПК-нің 128-131-баптарына сәйкес ұсталып, оған қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу