Жамбыл облысында пробация талаптарын бұзған тұрғын түрмеге отырғызылды

422

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.  

Жамбыл облысында пробация талаптарын бұзған тұрғын түрмеге отырғызылды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

"Қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу" жобасын іске асыру аясында Сарысу ауданының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың тәртібін тексерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру нәтижесінде ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған азаматтың жазаны өтеу кезеңінде ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде болғаны үшін екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.

Сонымен қатар, ол пробация қызметіне жоспарлы тіркелуге дәлелді себепсіз келмей екі рет ескерту алған.

Пробация қызметінің бас бостандығын шектеу жазасын неғұрлым қатаң жаза түріне ауыстыру туралы ұсынымын қарау барысында бірінші сатыдағы сот оны қанағаттандырудан бас тартты.

Сот қаулысына аудандық прокуратура апелляциялық өтінішхат енгізіп, оны қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық сотының қаулысымен сотталған азамат бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.

Аудан прокуратурасының бастамасымен тағы бір сотталған азаматқа қатысты жаза нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу