Жамбыл облысында прокурорлар 2,7 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтарды

168

 Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты. 

Жамбыл облысында прокурорлар 2,7 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтарды Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысында Сарысу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 га болатын 5 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда қызметін жүзеге асырмаған серіктестікке жер учаскелерін бергені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берілді, осылайша жайылым тапшылығы мәселесі азайды.

Прокуратура органдары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жердің пайдаланылуын қадағалауды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу