Жамбыл облысында пойыз вагондарының рельстен шығып кету жағдайлары көбейген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Былтыр осы уақытта 4 дерек анықталған. Аталған мәселе қозғалыс қауіпсіздігіне арналған арнайы кеңесте қаралды. Тексеру нәтижесінде теміржол тұйықтарының бірқатар иелеріне әкімшілік шара қолданылып, жалпы сомасы шамамен 2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мамандардың айтуынша, вагондардың рельстен шығып кетуіне негізінен рельстердің кеңеюі, бағыттама бұрмаларының ақауы, жол құрылымының тозуы және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу