Жамбыл облысында салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

112

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді Фото: ДСМ

ДСМ мәліметіне сүйенсек, келіншек "кесарь тілігінің" көмегімен босанған. Дәрігерлердің жоғары біліктілігінің арқасында жас ананың алғашқы босануы сәтті өткен, босану жарақаттары болмаған.

Осылайша салмағы 6 килограмм 140 грамм болып сәби дүниеге келген.

Қордай аудандық ауруханасы анасы мен жаңа туған нәрестені перзентханадан шығаруға дайындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу