"Қару ұстап жүргенде жарақат алған": Жамбыл облысында сарбаз қайтыс болды

338

Істі Бас прокуратура бақылауға алды.  

"Қару ұстап жүргенде жарақат алған": Жамбыл облысында сарбаз қайтыс болды Фото: Қорғаныс министрлігі

27 қаңтарда Жамбыл облысында қару ұстау кезінде жарақат алған сарбаздың қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу істері басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын анықтауға үшін Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына жолға шықты.

Сонымен қатар бұл топқа алдына әскери бөлімдермен әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу