Жамбыл облысында сарбаз өзіне қол салды

1618

Қайғылы оқиға Қордай ауданы Гвардейский кентінде болған. 

Жамбыл облысында сарбаз өзіне қол салды

Жамбыл облысындағы 82796 әскери бөлімде міндетін атқарып жүрген сарбаз суицид жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі казарманың 4-қабатындағы терезеден секіріп кеткен.

"Оның өмірін аман сақтап қалу шаралары жүргізілді. Алайда сарбаз есін жимастан көз жұмды", – деп жазылды хабарламада.

Бүгінде құқық қорғау органдары бұл факт бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының қалауы бойынша жария етілмейді.

Қорғаныс министрлігі мерт болған сарбаздың отбасына қайғырып көңіл айтады.

Марқұм әскери қызметке 2021 жылғы сәуірде шақырылып, 15 мамырда ант қабылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу