Жамбыл облысында сел жүріп, 500 қой суға ағып кеткен

416

Жергілікті әкімдік арнайы комиссия құрып, шығынды есептеп жатыр. 

Жамбыл облысында сел жүріп, 500 қой суға ағып кеткен Фото: Қырғызстан ТЖМ

Жамбыл облысы Шу ауданында нөсер жауынның соңы селге ұласып, 500-ге жуық қой суға ағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

30 маусымда Шу аудынындағы Ақтасты елдімекенінің маңындағы таулы аймақта нөсер жауын селге айналып, шаруа қожалығының қойларын ағызып әкеткен. Суға кеткен шаруашылықтың иесі отардағы 485 қойдың жайылымда өліп жатқанын айтады.

Жергілікті әкімдік арнайы комиссия құрып, шығынды есептеп жатыр. Жайылымды аралап, екі жүзге жуық қойдың өлексесін тапқан. Шығынға батқан шаруаға мемлекеттен өтемақы төленбек.

“485 бас мал шығыны болды деп өзі айтып отыр. Бірақ біз ауданның ветеринария қызметі және ауыл жастарымен өлген малдың өлексесін санағанда, 192 бас табылды. Бүгін тағы мал іздестірір жатырмыз. Малдың бәрін тапқаннан кейін, оның базадағымен салыстырып, қанша шығын шеккені туралы комиссия құрылып, жұмыс жалғаса береді”, – дейді Шу ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу