Табиғатты қорғау прокурорлары "Джон Бан МеталлПром" ЖШС-нің әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында айыппұл сомасының дұрыс айқындалмағаны туралы өтінішін қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Экология департаментінің қаулысымен ЖШС-ге бұзушылық кезеңі айқындалмай, ластаушы заттардың нормативтерін асырғаны үшін 34,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынғаны анықталды.
Прокурордың наразылығы бойынша сот әкімшілік айыппұл мөлшерін 4 есе, яғни 8,6 млн теңгеге дейін төмендетті.
Кәсіпорын ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен жасалған модельдік келісімшарт негізінде инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр.
Жоба металлургиялық өндірістен шыққан мырыш-қорғасын қалдықтарын қайта өңдеуді көздейді. Инвестиция көлемі 6,5 млрд теңгені құрайды, 50 тұрақты жұмыс орны құрылды.