Жамбыл облысында шопаннан 4 келіге жуық есірткі табылды

346

Күдікті есірткі жинау үшін фазендада малшы болып жұмыс жасаған.  

Жамбыл облысында шопаннан 4 келіге жуық есірткі табылды Фото: Polisia.kz

“Допинг – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байзақ ауданының 36 жастағы және Жуалы ауданының 44 жастағы тұрғындары аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Операцияны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп, 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспары шеңберінде жүргізді.

Полицейлер Байзақ ауданында Қасқа байтал жайылымында 36 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы КамАЗ жүк көлігін тоқтатты. Жүргізушіден бөлек, көлікте Жуалы ауданының 44 жастағы тұрғыны болған, ол жергілікті шаруа қожалығында малшы болып жұмыс жасаған. Жауап алу кезінде ол марихуана дайындауға бел буғанын және осы мақсатта адам аз орын іздегенін, сондықтан шалғайдағы ауылдық жерге шопан болып жалдамалы жұмысқа тұрғанын айтты.

Шопанды тінту кезінде пакеттен салмағы 3 келі 730 гр кептірілген марихуана, 185 грамм 99 мгр гашиш және 67 грамм 34 мгр каннабис шайыры есірткі заттары табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу