Жамбыл облысында сотталғандардан 2,5 миллон теңгеден аса қаржы өндірілді

678

Жамбыл облысында сотталғандардан 2,5 миллон теңгеден аса қаржы өндірілді

"Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы" Заңының мәжбүрлеу төлемдерін қолдану тәртібін реттейтін ережелері күшіне енген сәттен бастап Жамбыл облысының соттары қорға 98 сотталушыдан 2,5 млн теңгеге жуық сомаға қаражат өндіріп алды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 2018 жылдың 10 қаңтарында мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойылды, ол қылмыстан зардап шеккен адамдарға біржолғы ақша төлеу жолымен материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін құруға бағытталған.

Заңның негізгі мақсаты жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігін қалыптастыру, жәбірленушілерге немесе олардың өкілдеріне біржолғы тіркелген ақшалай соманы төлеу түрінде материалдық көмек көрсету жөніндегі қаржы құралын құру болып табылады. Мұндай төлем тек қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарына ғана қатысты.

Осылайша, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап сотталған адамдардан Жәбірленушілерге өтемақы қорына қосымша мәжбүрлеп төлемдер өндіріп алынады және бұл қаражат қажетті құжаттарды ұсынған кезде 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыс құрбандарына төлей бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу