Жамбыл облысында сұйылтылған газ өндіретін зауытты іске қосу жоспарланып отыр.
Қараой ауылдық округінде "Тараз Газ-Өнім" ЖШС сұйылтылған газ өндіретін зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба Қытай Халық Республикасының "Визон Инжиниринг ЛТД" компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ.
ӨКҚ мәліметіне жүгінсек, жобаның құны – 12 млрд теңге. Ауданы – 16,0 га. 108 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның басты мақсаты – техникалық экономикалық негіздеме дайындау. "Визон-Инжиниринг" компаниясымен шарт жасалып, қытайлық инвесторлар жобалық сметалар құрастырды.
Бүгінде жобаны қаржыландыру үшін банкпен шарт жасалған. Екі су қоймасына қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмысын тамыз-қыркүйек айларында бастау жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу