Жамбыл облысында сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыт пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Жамбыл Газ өнімдері" ЖШС осы жылы Жамбыл облысында сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін зауытты іске қосуды жоспарлап отыр", – деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
Құрылыс құны – 16 млрд 660 млн теңге, ал жобалық қуаты – жылына 70 мың тонна.
Аталған зауыттың құрылысы 2017 жылы басталған болатын.
Айта кетсек, "Жамбыл Газ өнімдері" ЖШС химия өнеркәсібі өнімдерін өндіретін өңірдегі компания.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу