Жамбыл облысында тағы бір ауылға газ берілді

Жобаға бюджеттен 360 млн теңге бөлінген. 

Жамбыл облысында тағы бір ауылға газ берілді Фото: google

Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылына газ берілді, деп жазады inbusiness.kz.

Газ тарту жұмыстары "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында іске асқан. Жобаға бюджеттен 360 млн теңге бөлінген.

Өрнек ауылында 420 аула бар десек, бүгінде аталған ауылдағы тұрғындардың барлығына көгілдір отын жетіп отыр.

Бұған дейін Өрнек ауылының көшелеріне асфальт төсеу,  жарық шамдарын орнату, мәдениет үйінің құрылысы жұмыстары жүргізілген. Бүгінде ауыл орталығында спорт кешені бой көтеруде.

Айта кетейік, Жамбыл ауданындағы 42 елді мекеннің 38-де табиғи газ бар. Сеңгірбай, Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңа Өткел елді мекендерін ауыл ішілік газбен қамту үшін құжаттар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Өткен жылы Ерназар, Өрнек, Еңбек, Рахат, Көлқайнар, Тастөбе, Ащыбұлақ, Шайдана ауылдары газға қосылған болатын.

Жалпы, облыс бойынша биыл 22 елді мекенге көгілдір отынды жеткізу көзделуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу