Жамбыл облысында такси жолаушысынан 14 келі марихуана табылды

439

Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жамбыл облысында такси жолаушысынан 14 келі марихуана табылды Фото: Ашық дереккөзден

Жамбыл облысында такси жолаушысынан 14 келі марихуана табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Жедел ақпаратты іске асыру барысында Меркі – Шу – Бурылбайтал трассасының 85-шақырымында Нива автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде машинаның артқы орындығынан Шу қаласының 50 жастағы тұрғынына тиесілі есірткіге ұқсас жасыл түсті заты бар полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 14 келі 60 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты", - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", – деп хабарлады полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқарма бастығы Әлім Бажықбаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу