Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында жол жиегінен қару-жарақ тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.