Мал кәріз суына малынып, қоқыс ішінде жайылып жүр. Жайылымға жарымаған жамбылдық шаруалар төрт түлікті қалдық су мен қоқыс маңында бағуға мәжбүр. Салдарынан мал кеселге шалдығып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Сорақысы сол, сойылса, ішегінен кәдімгі целлофан пакеттер мен пластик шығатын болған. Ал шұрайлы, құнарлы дескен жерлер бұрыннан жеке қолға өтіп кеткен.
Жаңатас қаласын жағалай қоныстанған жұрт талай жылдан бері жайылым мәселесін жырлап келеді. Өйткені 2 мың гектар алқап жеке иелікке. Ал билік бөліп берген жайылым экологиялық ахуалдан ада дейді. Себебі - шаһардың шайынды суы төрт түлікке суат. Ол аздай қоқыс полигоны тағы бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу