Жамбыл облысында тұрғын сот арқылы зейнетақысын қайта есептетті

124

Еңбек өтілін белгілеу туралы іс Мойынқұм аудандық сотында қаралды.  

Жамбыл облысында тұрғын сот арқылы зейнетақысын қайта есептетті Фото: Fotolia

Жамбыл облысының тұрғыны сот арқылы кәсіпорындардың бірінде 13 жылдық жұмыс өтілі барын дәлелдеп зейнетақысын ұлғайтуға қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жоғары Сотқа сілтеме жасап.

"Еңбек кітапшасының жоғалуына байланысты талапкерге ең төменгі зейнетақы тағайындалды, өтініш беруші 1984-1997 жылдары жұмыс істеген "ПКМ-2006″- дағы еңбек өтілі есептелмеді. Уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгіну нәтиже бермеді, зейнеткерге сотқа жүгінуден басқа ештеңе қалмады. Өтініш беруші соттан лайықты зейнетақыны көбейту үшін заңды маңызды фактіні анықтауды сұрады", – делінген хабарламада.

Өтініш беруші өз дәлелдерін сотта анықтамалармен, мемлекеттік органдардың жауаптарымен және сол кезеңде онымен бірге жұмыс істеген екі куәгердің айғағымен растады. Сот өтініш берушінің еңбек өтілін белгілеудің басқа мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келді, өйткені ол жұмыс істеген мекеме тарап кеткен.

Сонымен қатар сот еңбек өтілі фактісін анықтау талапкер үшін заңды маңызы бар деп келісті. Өйткені ол зейнетақы төлемін ұлғайтуы керек. Сот өтінішті қанағаттандырды және азамат Б. "ПКМ-2006"-да 13 жыл жұмысшы болып істегені туралы фактіні анықтады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу