Жамбыл облысында тұрғындар сынынан кейін ауыл әкімі қызметінен кетті

1275

Бердібек Сапарбаев ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің 14 есеп беру кездесуіне қатысты.  

Жамбыл облысында тұрғындар сынынан кейін ауыл әкімі қызметінен кетті

Жамбыл облысында өткен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің есеп беру кездесуінде Бектөбе ауылының тұрғындары Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысына көңілдері толмайтынын  айтқан. Кейін округ басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биылғы жылдың 18 қаңтарынан бастап өңірдегі әкімдер халықпен 378 есеп беру кездесуін өткізген, олар жалпы саны 29,6 мың тұрғынды қамтыды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің 14 есебіне қатысты. Есеп беру кездесулерінде өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар әкімдердің жұмысын объективті түрде бағалауға мүмкіндік алды.

"Тұрғындардың біздің жұмысымызға беретін бағасы  аса маңызды. Алға қойылған міндеттерді орындай алмаған әкімдер жауапкершілікке тартылады. Мәселен, Бектөбе ауылының тұрғындары есеп беру кездесуінде Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алған болатын. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды", - деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кету керек, өңір басшысы бір жыл ішінде облыс бойынша жүзден астам жұмыс сапарына шыққан, барлығы 240 елді мекенді аралап, 657 нысанның қызметімен танысты. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштеріне құлақ асып, жауапты тұлғалар тиісті тапсырмалар жүктеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу