Жамбыл облысының Гродеково ауылында полиция қызметкерлері тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50 жастағы тұрғынның үйіне тінту жүргізілген. Нәтижесінде үй іргесіндегі жүгері алқабынан 14 түп қарасора өсімдігі табылды. Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 140 келіні құрады.
Аталған дерек бойынша құрамында есірткі заттары бар, егіп-өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу