Жамбыл облысында үнемделген қаражат есебінен 14 каналды бетондау жобасы іске асырылып жатыр

325

Бұл каналдардың жалпы ұзындығы 85,5 шақырым. 

Жамбыл облысында үнемделген қаражат есебінен 14 каналды бетондау жобасы іске асырылып жатыр Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ирригация желілерін реконструкциялау жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен Жамбыл облысындағы 14 каналды бетондау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл каналдардың жалпы ұзындығы 85,5 шақырым. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 80 шақырым болатын "Сәмбет", "Байзақ", "Жамбыл", "Қуат", "Қуат оң жағалауы", "Қуат сол жағалауы", "Исмаил", "Бошақай", "Бошақай-1", "Бошақай-2", "Саза", "Саза төменгі" және "Айтақ" каналдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жалпы ұзындығы 85,3 шақырым болатын 17 канал бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленді. 5 канал бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жыл соңына дейін бастау жоспарланып отыр.

"2019-2025 жылдары 46 жоба аяқталған болатын. Осы жобалар аясында жалпы ұзындығы 532 шақырым болатын каналдарды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Биыл қолданыстағы тағы бес жобаны аяқтау жоспарланып отыр", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу