Жамбыл облысында үш ауысымды мектеп болмайды

1380

Жамбыл облысында үш ауысымды мектеп болмайды

Жамбыл облысында жалпы саны 451 мектеп бар. Соның 9-ы апатты жағдайда тұр. Өткен жылы Ұлттық қор есебінен – 1, жергілікті бюджет есебінен – 2 апатты мектептің құрылысына қаржы бөлінген болатын. Сол мектептер биылғы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде, деп хабарлайды abctv.kz.

Сондай-ақ, облыста үш ауысыммен оқытатын 5 мектеп болса, биыл сол мектептердің біреуінің құрылысын аяқтауға және үш жаңа мектептің құрылысына Ұлттық қор есебінен 2 369,140 миллион теңге бөлінген. Нәтижесінде, Меркі ауданы Қ. Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық жаңа мектептің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталып отыр. Ал   қалған үш мектептің құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде.  

Ал жалпы облыста 22 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына сақадай-сай отыр. Оның 14-і мектеп болса, 2-еуі колледж, 5-еуі балабақша, 1-еуі мектептен тыс мекеме. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 3158,214 мың теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ, 135 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 425 миллион 527 мың теңге қаражат қаралған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу