Жамбыл облысында заманауи суару жүйесімен жабдықталған есірткі плантациясы анықталды

225

Қарасора алқабын жасырын өсірген Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.  

Жамбыл облысында заманауи суару жүйесімен жабдықталған есірткі плантациясы анықталды Фото: polisia.kz

"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен арнайы операция барысында әуе барлауы қолданылып, қылмыс үстінде қолға түскен күдіктіден қару-жарақ пен 438 келіден астам есірткі тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жасырын плантацияны күдікті құмды алқапқа жақын аумақта заманауи суару жүйесімен және дербес электр қуатымен қамтамасыз етіп баптаған.

Әуеден ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы анықталған құмды алқаптағы жасырын плантацияны бұрын бірнеше рет сотты болған 40 жастағы ер адам күтіп баптаған. Ол өсірілген өсімдіктерді өңдеп, еліміздің басқа өңірлеріне көтерме бағамен сатуды жоспарлаған.

Тінту кезінде биіктігі екі метрден асатын 50 түп қарасора, агротехникалық жабдықтар, сондай-ақ сериялық нөмірі өшірілген "Макаров" тапаншасы, "Байкал" мылтығы, оқ-дәрілер және есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын көлік тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 300 (құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру) және 287-баптары (заңсыз қару сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары бұл қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бағытында жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу