Жамбыл облысында заңды тұлғалардың көліктері әскери оқу-жаттығуға тартылмақ

415

Тиісті қаулы Ашық НҚА сайтында жарияланды.  

Жамбыл облысында заңды тұлғалардың көліктері әскери оқу-жаттығуға тартылмақ Фото: otyrar.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі "Заңды тұлғалардың көлік құралын оқу-жаттығуға тарту туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатта ведомство Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, жұмылдыру тапсырысына сәйкес биыл оқу-жаттығуға заңды тұлғалар көлік құралының  36 бірлігін тартуды көздейді. Министрлік бұл шараның негізгі мақсаты ретінде заңды тұлғалардың көлік құралдарының техникалық жай-күйін, ҚР Қарулы Күштеріне жеткізуге әзірлігін тескеру деп көрсеткен.

Құжатты жария талқылау 6 ақпанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу