Жамбыл облысында жай түсіп, 26 бас жылқы қырылып қалды

602

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданында тіркелді. 

Жамбыл облысында жай түсіп, 26 бас жылқы қырылып қалды Фото: yandex

Аталмыш факт бойынша комиссия құрылды, деп жазады inbusiness.kz 24.kz сілтеме жасап.

"Бұл дерек бойынша аудан әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына құзыретті органдар мен заңгерлер кіреді. Олар барлық жағдайды анықтайды. Бұл мәселе аудан әкімдігінің бақылауында", - деді Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Серікбаев.

Аурудың таралу қаупін болдырмау үшін найзағай түсіп өлген жылқылардың өлекселері тау шатқалына көміледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу