Жамбыл облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 1,3 трлн теңгеге жетті

Өңірге 365 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінен 12%-ға артты.  

Жамбыл облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 1,3 трлн теңгеге жетті Фото: gov.kz

Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты.

"Былтырға қарағанда айтарлықтай өсім бар. Жалпы өңірлік өнім 1,3 трлн теңгеге тең. Экономика салалары бойынша атап айтқанда: құрылыс жұмыстары -11,1%-ға, сауда - 2,6%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру - 2,2%-ға, өнеркәсіп өндірісі - 0,6%-ға, көлік - 0,1%-ға артты. Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі төмендеуіне байланысты жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,1%-ға төмендеді. 365 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 12%-ға артты", – деді өңір басшысы. 

Аймақта өңдеу секторының үлесі 71%, өнім көлемі - 494 млрд теңге. Тау-кен өндіру саласының көлемі 17,1%-ға ұлғайды.

Қаңтар-тамыз айларында өңдеу өнеркәсібі саласына 88 млрд теңге инвестиция тартылып, экспорт көлемі 121 млн АҚШ долларын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу