Жуалы мен Қордай аудандарында жаңа амбулатория мен спорт кешені іске қосылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жақын арада Жуалы ауданының Қарасаз ауылының маңында 25 орынды амбулаторияның құрылысы басталады.
Жоба сәуір айында жүзеге асырыла бастайды. Дәрігерлік амбулаторияны 5 айда аяқтау жоспарланып отыр. Пайдалануға жыл соңында берілуі мүмкін. Мекеме құрылысына облыстық бюджеттен 126 млн 436 мың теңге бөлінді.
Қордай ауданында қазіргі заманғы спорт кешенінің жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жаңа кешен Қордай ауылында салынады.
Жоба 431 млн теңгеге бағаланып отыр. Құрылысты 2017-2018 жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бас жобалаушы – "BS ARCHI GROUP" компаниясы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу