Жамбыл облысында жаңа қант зауыттары салынады

850

Алматы облысындағы қант зауытының жұмысы жандандырылмақ.

Жамбыл облысында жаңа қант зауыттары салынады

Қазақстандағы қант тапшылығы 240 мың тоннаға жеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Үкіметтің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осындай мәлімет айтты. 

"Қазіргі уақытта отанымызда өндірілетін қант тапшылығы 240 мың тоннаны немесе қажеттіліктің жартысынан көбін құрайды. Ішкі нарықты молықтыру Алматы облысындағы қант зауытын жаңғырту, Жамбыл облысында қуаты 150 мың тонна қант болатын жаңа қант зауытын салу есебінен болжанып отыр. Қосымша 175 мың тонна қант өндіру есебінен қант тапшылығын шешіп, 80% қамтамасыз ету көлеміне шығу жоспарлануда", - деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу