Жамбыл облысының Сарысу ауданында жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы Сарысу аудан әкімінің орынбасары Олжас Тұрғынұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Асыл тұз компаниясы" кәсіпорнының ас тұзын өндіру зауытында салынатын инвестициялық қаржы – 469,0 млн теңге. 75 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 50,0 мың тонна ас тұзын даярлайтын болады. 372,0 млн. теңгеге Украинадан зауытқа қажетті құрылғылары сатып алынып, орнату жұмыстары жүргізілуде.
Олжас Тұрғынұлының сөзіне сенсек, аталған екі жобамен шектеліп қалмай ауданға инвестициялық жобаларды іздестіріп, оны өндіріске енгізу жұмыстары жалғасуда, атап айтқанда, 2017 жылдың ІІ-жарты жылдығында индустрияландырудың өңірлік кәсіпкерлігін қолдау картасына "Интиррин" ЖШС серіктестігінің құны 320,0 млн. теңгені құрайтын жобасын ұсынуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық артқан. Инвестициялар салымының көлемі "ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС есебінен өскен болатын.
2017 жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 2,7 млрд. теңгені құрады. Ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 3753,7 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың 5 айымен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалды (2016 ж. - 3585,2 млн.теңге).
Бөлшек сауда айналымы аудан бойынша 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында – 450,9 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,6 пайыз болып қалыптасты (01.06.2016 ж. – 404,1 млн. теңге).