Жамбыл облысы Жуалы ауданында, "Алматы–Ташкент" автожолының 560 шақырымында, Нұрлыкент ауылының маңында жол-көлік оқиғасынан кейін жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қозғалтқыш майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, салдарынан көлік пен төгілген жанар-жағармай материалдары отқа оранды.
"Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жүк көлігі мен төгілген жанар-жағармай материалдары ашық жалынмен жанып жатқан. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу