Жамбыл облысында "Жаңатас" жел электр станциясы іске қосылды

1357

Жамбыл облысы Сарысу ауданында  Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында 2017 жылы құрылысы басталған "Жаңатас" жел электр станциясы іске қосылды.  

Жамбыл облысында "Жаңатас" жел электр станциясы іске қосылды

Жоба 2019 жылдың 15 маусымында басталып, 2021 жылдың 9 маусымында барлық 40 жел турбиналары іске қосылды.

Тиісті мамандарынан бөлек, жергілікті жердің тұрғындарынан қазіргі уақытта құрылысы аяқталғанға дейін 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.

Алдағы уақытта станцияда 40 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.

Жел электр станциясының қоршаған ортаға санитарлық-эпидемиологиялық әсері толық тексеріліп, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының оң қорытындысы алынған.

Салтанатты жиынға  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары – Алмаз Мәдиев,  Жаңатас жел электр станциясының – бас директоры Гуо Ким, Визор – Қазақстанның өкілі – Чукин Алмас қатысты.

Жоба толық іске қосылған кезде өндіру қуаты  - 100 мегават болмақ.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев іске қосу жұмыстарының алғашқы кезеңін бастағалы отырған жел электр станциясы көлемі жағынан Орта Азиядағы электр қуатын өндіретін ең үлкен станция болатынын атап өтіп,  облыс тұрғындары бұл станцияның әлі талай игілігін көретінін жеткізді.

Сонымен қатар, Алқызыл лента қиылып, салтанатты шараға келген бір топ қонақтардың жылы лебіздері айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу