Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген

702

Жамбыл облысыда жыл басынан бері 148 егіз дүние есігін ашқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.  

Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген

Жамбыл облысында биылғы қаңтар-шілде айларында барлығы 13 926 сәби өмірге келген.

"Жалпы алты айда туған 13926 сәбидің 7138-і ұл бала болса, 6788-і қыз. Оның арасында 148 егіз бар. Үшем тіркелген жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонда-ақ, басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аралықта өмірге келген шақалақтардың ең кішкентайының салмағы 501 грамм болып тіркелген. Ол – ұл бала.

Ал, ең ірісі де ұл бала, оның туған кездегі салмағы 5850 граммды құраған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу