Жамбыл облысында жарылыстан қираған тұрғын үйлер жөнделді

885

Премьер-Министр Асқар Мамин өңірге жұмыс сапарымен барды. 

Жамбыл облысында жарылыстан қираған тұрғын үйлер жөнделді

Байзақ ауданы Қайнар ауылында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қираған барлық тұрғын үй жөнделген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

"Жаңатұрмыс ауылдық округінің Қайнар ауылында Үкімет басшысына биыл 26 тамызда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қираған барлық тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы баяндалды. Премьер-министр зақымдалған үйлердің тұрғындарымен кездесті", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Асқар Мамин Шу ауданындағы "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағын аралаған. Онда Үкімет басшысына химия және азық-түлік өнеркәсібіндегі жалпы сомасы 143,3 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар таныстырылды.

"Қуаты жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіру жөніндегі жобаны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Кәсіпорын өнімі Қазақстанның ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне экспортталады. Қазақстанның АӨК саласындағы ірі жобаларының бірі – жылына 148,8 мың тонна ақ қант шығаратын қант зауытының салынуы. Оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.

Биыл 10 айда Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 491,1 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу